Түрістан облысының салықшылары электронды қызметті дамытуға күш салуда

Dalanews 13 жел. 2018 06:05 780

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеруде оңғы жылдары мемлекеттік қызметтің электронды форматта көрсетілуне күш салуда. Атап айтқанда «Электрондық үкімет» веб-порталы мен «Салық төлеуші кабинеті» веб-қосымшасы жүйелерінің жұмыс жасауы электронды түрде қызмет алудың үлесін айтарлықтай арттырып отыр.

Әсіресе, «Салық төлеуші кабинеті» веб-қосымшасы қолдануға қызмет алушы – салық төлеушіге өте ыңғайлы, өйткені бет есептерін көру, салыстыру актісін алу, бет есеп көшірмесін алу, салық есептілігі нысанын дайындау және тапсыру, салық режимін таңдау және қолдану үшін хабарлама беру тағы сол сияқты көптеген Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін қызметтерді алу үшін кез-келген жерде тек интернет желісіне қолжетімділік  болса жеткілікті.

Түркістан облысында ағымдағы жылдың 11 айында мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мерзімі бұзылуы немесе көрсетілген қызметке қызмет алушылардан ешқандай шағым болған жоқ. Алайда көптеген жылдар тәжірибесі көрсеткендей, өтініштердің негізгі бөлігі электронды түрде болғандықтан, қабылданған құжаттарды ақпараттық жүйелерде өңдеу жылдамдықтарын арттыратын жоғарғы технологияларды қызмет көрсетуде қолдану немесе орталық сервердің қуаттылығын арттыру оң нәтиже беріп, қызмет мерзімдерінің бұзылуына жол бермей, сәйкесінше қызмет алушылар тарапынан шағымдарды болдырмайды.

Жалпы бүгінгі таңда Мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілердің қарым-қатынасының басым бөлігі электронды түрде жүзеге асырылып, тікелей кездесу қажеттілігін болдырмау немесе салық төлеуші мен аталған орган қызметкерімен кездесуін барынша азайту –  сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған оң қадамдардың бірі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар