Түрікменстанда 8 наурызға орай әйелдерге 8,5 мың теңгеден беріледі

Көркем Алдабергенова 25 ақп. 2026 16:45

Түрікменстанда 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай елдегі әйелдерге 60 манат көлемінде біржолғы төлем беріледі. Бұл қаражат қара нарықтағы бағаммен шамамен 8,5 мың теңге, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Билік мұны «елдің өркендеуі жолындағы өзгерістерді жүзеге асырудағы әйелдердің зор еңбегі, Отанға адал, дені сау әрі жігерлі ұрпақ тәрбиелеудегі рөлі, аналар мен әпке-қарындастарды қадірлеу дәстүрін жалғастыру мақсатында» деп түсіндірді.

Алайда 2019 жылдан бері елде азық-түлік пен тұтыну тауарларының бағасы бірнеше есе өскен. Мәселен, 2019 жылдың наурызында сиыр етінің бір келісі 22 манат тұрса, 2026 жылдың қаңтарына қарай 110 манатқа дейін қымбаттаған. Жергілікті алма бағасы да осы кезеңде 6 манаттан 26 манатқа көтерілген.

Айта кетейік, 2019 жылға дейін президенттік сыйақы 40 манат болған. Ол кезде бұл сома ресми бағаммен шамамен 11,4 долларды құраған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove