Тұрғымбаев қызметінен кетті

Dalanews 25 ақп. 2022 07:15 1048

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды» – делінген Жарлық мәтінінде.

Ерлан Тұрғымбаев бұл қызметті 2019 жылғы ақпаннан бастап атқарып келді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар