SpaceX акцияларының IPO-сы Илон Маскты триллионерлер қатарына жақындатуы мүмкін, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сарапшылардың бағалауынша, SpaceX акциялары IPO кезінде бір дана үшін 135 доллар бағамен сатылымға шығарылса, Илон Масктың байлығы 988 миллиард долларға жетуі мүмкін.
Bloomberg мәліметіне сүйенсек, бұл оны әлемдегі алғашқы триллион долларлық байлыққа ие адам мәртебесінен небәрі 12 миллиард долларға алыстатады.
Мамандардың есептеуінше, тарихи межеге жету үшін SpaceX акциялары сауда басталғаннан кейін бар болғаны 2,2 пайызға қымбаттаса жеткілікті.
SpaceX нарықтан шамамен 75 миллиард доллар тартуды жоспарлап отыр. Компанияның нарықтағы бағасы 1 триллион доллардан асады деген болжам бар.
Алдын ала мәлімет бойынша SpaceX акцияларының алғашқы жария сатылымы 12 маусымда өтуі мүмкін.