Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.
Тергеудің мәліметінше, "Қазақфильм" АҚ-ның "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ға фильмнің өндірісіне 79 миллион теңге бөлгені анықталған. "Оның 69 миллион теңгесін картина продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған. Ол - "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ның құрылтайшысы", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қаражаттың қосалқы мержігерлік ұйымдарда қолма-қол ақшаға айналдырылып, Тұңғышбай Жаманқұловқа берілгені айтылады.
Сонымен қатар, қаражат жымқыруға "Қазақфильм" АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Г.Ысқақованың және фильмнің атқарушы продюсері Н.Юдинаның қатысы бар екені дәлелденгені хабарланып отыр.
Айта кетейік, олар соттың санкциясымен қамауға алынған болатын.