Тұңғыш Президент күні Алматы метрополитені 8 жаңа электр пойызын іске қосты

Dalanews 01 жел. 2021 16:43 893

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Тұңғыш Президент күні және Алматы метрополитенінің 10 жылдығы қарсаңында 8 жаңа электр жылжымалы құрам пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Осыдан он жыл бұрын, 2011 жылғы 1 желтоқсанда Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстандағы алғашқы және жалғыз метрополитенді ашып, алғашқы жолаушы болды. Содан бері метро жұмысы бір минутқа да тоқтаған жоқ.

Құрамның ұзындығы – 77,8 м, ең үлкен техникалық жылдамдығы - 90км/сағ. Температура режимі: Цельсий бойынша -35, +40 градус.

4 вагон құрамындағы жолаушылардың сыйымдылығы 940 адамды құрайды. Әрбір вагон жылыту, желдету және ауа баптау жүйесімен, жолаушылар салонының флуоресцентті жарықтандыруымен жабдықталған.

Вагондар сонымен қатар ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Машинистің кабинадан вагондардың ішіндегі және сыртындағы жағдайды бейнебақылау жүйесі мониторының көмегімен бақылау мүмкіндігі бар.

Барлық вагондар жолаушыларға бір вагоннан екіншісіне қауіпсіз және ыңғайлы өтуді қамтамасыз ететін ашық типтегі (аралық есіктерсіз) кең вагонаралық өту жолдары арқылы біріктірілген.

Электр пойыздары жолаушылар үшін де, қызмет көрсетуші персонал үшін де жоғары қауіпсіздік пен жайлы жағдайды, сондай-ақ энергия тұтынудың төмендетілген деңгейін қамтамасыз етеді.

Оңтүстік кореялық Hyundai Rotem компаниясы шығарған вагондар Алматы метрополитені үшін арнайы әзірленген. Бүгінгі таңда метрополитенде 15 пойыз жұмыс істейді.

10 жыл бойы Метрополитен тұрақты жұмыс істейді, өзіне жүктелген міндеттерді орындайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар