Ауданда «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша абаттандыру жұмыстарына 105,6 млн.теңге бөлініп, 105,2 млн. теңгесі игеріліпті.
Осы ретте Түлкібас ауданында Кеңес заманында тартылған электір желілерін жаңалау ісі де қарқын алғанын атап айтуға болады. Биыл аудандағы Т.Рысқұлов, Жаскешу, Шұқырбұлақ, Жаримбетов, Күмісбастау, Алғабас, Тастұмсық, Қабанбай, Ақбиік, Жабағылы, Қайыршақты, Көктерек, Азаттық ауылдарының ішкі көшелеріне электр желісін тарту және трансформатор орнату құрылыстарына үстіміздегі жылға облыстық бюджеттен 330,7 млн. теңге қарастырылып, жұмыстар жүргізілген.
Сонымен қатар Т.Рысқұлов, Азаттық ауылдарының ішкі көшелерін электр қуатымен қамтамасыз етуге аудандық бюджеттен жобалық сметалық құжаттарды (ЖСҚ) дайындауға 5,6 млн. теңге қаржы қарастырылып, сараптама қортындысы 2019 жылға облыстық бюджеттен қаржы қарастырға ұсынылғанын айта кетуіміз керек.
Dalanews.kz