Трамптың Truth Social желісі Масктың X қосымшасын шаң қаптырды

Қаракөз Амантай 31 қаз. 2024 10:08 2070

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамптың Truth Social әлеуметтік желісінің құны X (бұрынғы Twitter) қосымшасынан  басым түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Трамп бұл желіні үш жыл бұрын Twitter мен Facebook оны бұғаттағаннан кейін кек алу мақсатында іске қосқан болатын.

Truth Social акциялары қыркүйек айының соңынан бері төрт есе өсті, нәтижесінде компанияның жалпы бағасы 10 миллиард долларға жетті. Соңғы тоқсанда Дональд Трамптың әлеуметтік желісі 16 миллион доллар шығынға ұшырағанымен, қазір акциялардың өсуі желінің табыстылығына емес, Трамптың АҚШ президенттігіне қайта сайлану мүмкіндігі жоғары болуына байланысты болып отыр.

Илон Маскқа тиесілі X әлеуметтік желісі (бұрынғы Twitter) қазіргі таңда 9,4 миллиард долларға бағаланады. Маск бұл желіні 2022 жылдың қазан айында басқаруды қолға алған кезде, оның құны 44 миллиард доллар болған еді.

Трамп Truth Social желісінің шамамен 57%-ына иелік етеді, бірақ ол компанияның басқару ісіне қатыспайды. Truth Social желісін Трамп 2021 жылдың 6 қаңтарында Капитолийдегі тәртіпсіздіктерден кейін Twitter мен Facebook желілерінде бұғатталған соң ашқан еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар