Трампқа жасалған қастандық: күтпеген деректер белгілі болды

Көркем Алдабергенова 15 шіл. 2024 09:34 4426

Күні кеше АҚШ-тың Пенсильвания штатында сайлауалды талқылаулар кезінде сөз сөйлеп жатқан Дональд Трампқа қастандық жасалды. Белгісіз біреу экс-президентке қарай оқ атып, салдарынан Трамптың құлақ тұсына оқ тиген. Кемінде бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Оқиға сайлауға қатысып жатқан Дональд Трамп ел алдында сөз сөйлеп жатқан кезде болған. Бір кезде оқ атылып, экс-президент бірден трибунаның артына тығыла кетті. Атыс аяқталған кезде Трамптың күзетшілері оны қоршап, сахнадан алып кетеді. Видеоларда Трамптың құлағы мен беті қансырағанын көруге болады. 

Артынша президенттікке кандидат Трампты кім атқаны белгілі болды. Ол 20 жастағы америкалық - Томас Мэтью Крукс болып шыққан. Крукс республикалықтар тізімінде болған. Ол Пенсильвания штатындағы Бетел-Парк қаласында тұрған. 

Крукс Дональд Трамп сөйлеп тұрған сахнаға жақын шатырда тұрған. Ол Трампқа қастандық жасағаннан кейін құпия қызмет снайперлері оны атып өлтірген. Артынша Крукс жатқан жерде AR винтовкасы табылған. 

Томас Мэтью Крукс Трампты не үшін атып өлтірмек болғаны белгісіз. New York Post мәліметінше, Федералды тергеу басқармасы (ФБР) Круксты Трампқа жасалған қастандыққа қатысы бар деп ресми мәлімдеген. 

SHOT телеграм арнасының мәліметінше,кейбір адамдар Крукстың шатырда жүргенін қастандық жасалардан бұрын да байқаған. Олар Құпия қызмет пен полиция қызметкерлеріне ескертуге тырысқанымен куәгерлерге ешкім мән бермеген көрінеді. 

Оқ Трамптың құлағына тиген. Алайда қазір экс-президенттің жағдайы тәуір көрінеді. Себебі оның көмекшісі әлеуметтік желіде Трамптың ұшақ трапынан түсіп келе жатқан видеосын салған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар