Трамп Иранның басты мұнай қоймасын басып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр

Көркем Алдабергенова 16 нау. 2026 09:42

АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы ең маңызды мұнай сақтау нысандарының бірі саналатын Харк аралындағы мұнай қоймасын басып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы ақпараттанған дереккөздерге сілтеме жасаған Axios басылымы хабарлады.

Басылым дереккөздерінің бірінің айтуынша, Трамп әзірге Харк аралына қатысты нақты шешім қабылдамаған. Алайда Ормуз бұғазын ашу әрекеттері ұзаққа созылатын болса, бұл ұстаным өзгеруі мүмкін.

«Президент күтпейді және ирандықтардың қақтығыстың бағытын өздері айқындауына жол бермейді», - деді дереккөздердің бірі.

Порталдың тағы бір сұхбаттасы Трампты Харк аралын тікелей басып алу идеясы қызықтыратынын айтты. Оның пікірінше, мұндай қадам Иран билігіне экономикалық тұрғыдан ауыр соққы болар еді, өйткені Тегеран маңызды қаржыландыру көзінен айырылуы мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove