Трамп Ираннан кейін Кубаға назар аударатынын мәлімдеді

Самал Асқар 06 нау. 2026 13:30

АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы әскери операциялар аяқталғаннан кейін Вашингтонның назары Кубаға ауысуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Dala news.

Оның сөзінше, АҚШ алдымен Иранға қатысты мәселені толық аяқтауға ниетті.

«Біз алдымен осы мәселені реттеп, аяқтағымыз келеді. Бірақ уақыт өте келе сіздер және көптеген керемет адамдар Кубаға қайта оралады деп үміттенемін. Үміттенемін, бұл мәңгілікке емес», — деді Трамп.

АҚШ басшысы бұл мәлімдемені Иранға қатысты әскери операциялар аясындағы пікірінде айтқан. Сарапшылар мұндай риторика Вашингтонның сыртқы саяси басымдықтары өзгеруі мүмкін екенін көрсетеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove