Трамп Тоқаевты жақсы адам деп атады

Трамп Тоқаевты жақсы адам деп атады
Dalanews.kz коллажы
Трамп Тоқаевты жақсы адам деп атады

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты жақсы адам деп атады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Қазақстандық журналистің "Қазақстан жайлы пікіріңіз қандай, Орталық Азияның осы еліне баратын жоспарыңыз бар ма?" деген сұрағына Дональд Трамп былай жауап берген:

"Баруым әбден мүмкін. Олармен әңгімеміз мазмұнды болды. Сәлем айтыңыз. Президентіңіз өте жақсы адам", - дейді АҚШ президенті Ақ үйден кетіп бара жатып.