Freedom Inside '26

Трамп Қорғаныс министрлігіне қосымша қаржы бөлуді көздейтін заң жобасын қолдауға шақырды

Трамп Қорғаныс министрлігіне қосымша қаржы бөлуді көздейтін заң жобасын қолдауға шақырды
Evan Vucci-Pool/ Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Конгрестегі республикашылдарды Қорғаныс министрлігін қосымша қаржыландыруды көздейтін заң жобасын ұсынуға және оны жедел қабылдауға шақырды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ол Truth Social желісіндегі парақшасында 350 миллиард доллар көлеміндегі Recon 3.0 заң жобасын мүмкіндігінше тезірек мақұлдау қажет екенін мәлімдеді.

"Конгрестегі республикашылдарды дайындалып жатқан 350 миллиард долларлық Recon 3.0 заң жобасын дереу ұсынуға және қабылдауға шақырамын. Ешқандай ойын да, кідіріс те болмауы керек. Мұны барынша тезірек жүзеге асырыңыздар", - деп жазды Трамп.