Freedom Inside '26

Трамп Путинмен және Зеленскиймен жеке-жеке телефон арқылы сөйлесті

Трамп Путинмен және Зеленскиймен жеке-жеке телефон арқылы сөйлесті
Фото: REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп туған күнінде Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен жеке-жеке телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Кремльдің сыртқы саясат жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Путин мен Трамптың әңгімесі шамамен бір сағатқа созылып, ашық әрі достық жағдайда өткен.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерді, Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынасты, сондай-ақ Украинадағы соғысқа қатысты ахуалды талқылаған. Сонымен қатар соңғы уақытта Украина күштерінің Ресей аумағындағы нысандарға жасаған шабуылдары да сөз болған.

Юрий Ушаковтың мәліметінше, АҚШ өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер жақын арада Ресейге баруы мүмкін.

Ал Владимир Зеленский Дональд Трампты туған күнімен құттықтап, онымен бейбітшілік мәселесін және майдандағы жағдайды талқылаған.

Сондай-ақ Украина президентінің Трамппен бірге дүйсенбі күні басталатын G7 саммитіне қатысуы күтіледі. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, жиын Францияда өтеді.