АҚШ президенті Ормуз бұғазында тұрып қалған шетелдік кемелерді шығару бастамасы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
«Әлемнің көптеген елдері, олардың басым бөлігі Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысы жоқ, АҚШ-қа жүгініп, Ормуз бұғазында тұрып қалған кемелерін босатуға көмектесуді сұрады. Бұл кемелердің болып жатқан оқиғаларға еш қатысы жоқ, олар тек бейтарап және кінәсіз тараптар».
Оның айтуынша, АҚШ бұл кемелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге дайын.
«Иранның, Таяу Шығыстың және АҚШ-тың игілігі үшін біз бұл елдерге олардың кемелерін сүйемелдеп, қауіпсіз түрде осы шектеулі су жолдарынан шығарып, қызметін жалғастыруына көмектесетінімізді хабарладық. Тағы да атап өтемін: бұл – қазіргі жағдайға қатысы жоқ елдердің кемелері».
Трамп бұл бастаманы «Еркіндік проектісі» деп атады.
«Бұл процесс дүйсенбі күні таңертең басталады. Мен өкілдерімнің Иранмен өте оң келіссөздер жүргізіп жатқанын білемін және бұл барлық тарап үшін оң нәтиже беруі мүмкін. Бұл – еш кінәсі жоқ адамдарға, компанияларға және елдерге көмектесуге бағытталған гуманитарлық қадам».
Сондай-ақ ол кейбір кемелерде азық-түлік тапшылығы байқалып отырғанын айтты.
«Көптеген кемелерде экипаж үшін қажетті азық-түлік пен ресурстар таусылып жатыр. Бұл – барша тараптың ізгі ниетін көрсететін маңызды қадам болады».
АҚШ президенті операцияға кедергі келтірілген жағдайда жауап болатынын да ескертті.
«Егер бұл гуманитарлық процеске қандай да бір түрде кедергі жасалса, өкінішке қарай, оған күшпен жауап беріледі», – деді Дональд Трамп.