Freedom Inside '26

Трамп НАТО-ны сынға алды

Трамп НАТО-ны сынға алды
chatgpt

АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО ұйымын сынға алды. Бұл туралы ол альянстың бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуден кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Трамп Вашингтонға қажет кезде НАТО АҚШ-қа көмекке келмейді деген сенім білдірді. Оның айтуынша, альянс бұрын да АҚШ үшін маңызды сәтте қолдау көрсетпеген.

Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде:
«НАТО бізге қажет кезде жанымыздан табылған жоқ және қайтадан керек болса да табылмайды. Гренландияны еске түсіріңіздер, бұл үлкен, дұрыс басқарылмай отырған мұзды аумақ», – деп жазды.

Өз кезегінде Марк Рютте кездесуден кейінгі мәлімдемесінде америкалық тараптың одақтастарына көңілі толмай отырғанын жеткізді. Ол сондай-ақ НАТО-ның АҚШ үшін маңызды сынақтан өте алмағанын мойындады.

Рюттенің айтуынша, альянс АҚШ-тың Иранмен текетіресіне қосылудан бас тартып, осылайша Трамптың сенімін ақтай алмаған.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-дан шығу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген болатын.