Трамп НАТО-дан шығуды ойлап отыр

Самал Асқар 01 сәу. 2026 18:07

АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-дан шығу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dala News.

Оның айтуынша, альянс АҚШ-ты қолдамады және Иранға қарсы операция кезінде серіктестер әрекетсіз қалған.

«НАТО мені ешқашан таңғалдырған емес. Мен оны әрқашан қағаз жолбарыс деп санадым. Путин де мұны біледі», – деді Трамп.

Президент әсіресе Ормуз бұғазындағы жағдайға байланысты одақтастардың көмектеспегенін сынға алды. Оның пікірінше, АҚШ-қа қолдау «автоматты түрде» көрсетілуі тиіс еді.

Трамп Украинаға да қатысты пікір білдіріп, оны бұл жағдайда көмек көрсетпеді деп айыптады.

Сонымен қатар, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио да Вашингтон НАТО-мен қарым-қатынасты қайта қарауы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, егер альянс тек Еуропаны қорғаумен шектелсе, мұндай серіктестіктің мәні төмендейді.

Ал Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер өз кезегінде елдің ұлттық мүддесіне сай әрекет ететінін және еуропалық одақтастармен ынтымақтастықты жалғастыратынын мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove