Трамп: АҚШ-та Иранды басқаруы мүмкін үміткерлер бар

Сағыныш Сардарова 06 нау. 2026 09:57

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранда билік толық өзгеруі керек екенін айтты. Оның сөзінше, Вашингтонда елді басқара алатын бірнеше үміткер бар, деп хабарлайды Dalanews.kz.

NBC News арнасына берген сұхбатында Дональд Трамп АҚШ Иранда жағдайды реттеп, елде тиімді басшылық болғанын қалайтынын жеткізді.

"Біз барып, бәрін ретке келтіргіміз келеді. Ол елде жақсы басшы болғанын қалаймыз. Менің ойымша, бізде бұл жұмысты атқара алатын бірнеше адам бар", - деді ол.

Алайда Дональд Трамп нақты қай адамдар туралы айтып отырғанын атамады.

Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп The New York Times басылымына берген сұхбатында қажет болған жағдайда америкалық әскер Иранға жасалатын шабуылды төрт-бес апта бойы жалғастыра алатынын айтты. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove