"Төрт-бес аптаға жоспар құрып отырмыз. Бұл қиындық тудырмайды", - деді ол "АҚШ пен Израиль қазіргі шабуыл қарқынын қанша уақыт сақтай алады?" деген сұраққа берген жауабында.
Сонымен қатар, ол Daily Mail басылымына берген сұхбатында операция "төрт апта немесе одан аз уақытқа" созылуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Дональд Трамп Иран басшылығына үміткер ретінде үш адамды қарастырып отырғанын да айтты.
"Өте жақсы үш үміткерім бар", - деді ол The New York Times басылымына. Алайда олардың есімдерін атаған жоқ.
Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастағаны, Тегеранда жарылыс естілгені хабарланды.
