Трамп әкімшілігі USAID келісімшарттарының 90 пайызын жояды

Қаракөз Амантай 27 ақп. 2025 15:23 332

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі USAID-ке (АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі) қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресми мәліметтерге сәйкес, басқа елдерге көрсетілетін көмек туралы келісімшарттардың 90 пайызын жойылмақ. Бұл шешім америкалық көмектің жалпы көлемін шамамен 60 миллиард долларға қысқартуға әкеледі.

“Трамп әкімшілігі USAID-тің 6200 келісімшартының 5800-ін тоқтатып, осылайша шығынды 54 миллиард долларға азайтатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, Мемлекеттік департаменттің 9100 грантының 4100-і жабылады, бұл қаржыландыруды 4,4 миллиард долларға қысқартады”, — делінген хабарламада.

Нәтижесінде USAID-тің бірнеше ғана жобасы сақталуы мүмкін.

Бұл өзгерістерге байланысты USAID келісімшарттары бойынша қарызы бар үкіметтік емес ұйымдар сотқа жүгінген. Олардың құжаттарында Трамп пен Илон Масктың командасы USAID келісімдерін бұзғаны туралы жазылған.

Трамп әкімшілігі бұл шешімнің федералды соттың шешіміне байланысты қабылданғанынхабарлады. Сот 26 ақпанға дейін қаржыландырудың бір айлық бұғатталуын алып тастаудыміндеттеген.

Бұған дейін USAID қызметкерлерінің жаппай қысқартылып жатқаны туралы ақпарат тараған еді. АҚШ үкіметінің ресми мәліметіне сүйенсек, тек маңызды міндеттерді атқаратын негізгі басшылық құрам мен арнайы бағдарламаларға жауапты мамандардан басқа барлық қызметкер әкімшілік демалысқа жіберілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар