Көкшетаудағы резиденция балаларға беріледі, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов брифинг барысында айтты. Яғни "Балықшылар үйі" "Шахмат үйіне" айналады.
Резиденция қала орталығында орналасқан. Ол 2019 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумы үшін сатып алынған.
Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты бұл шара өтпей қалған. Ал коттедж әкім істері бөлімінің балансында қалып қойған.
Резиденцияға төрт жылдай халық қаржысы есебінен қызмет көрсетілген. 5 ақпанда өткен баспасөз отырысы барысында Марат Ахметжанов коттедждің тағдырына қатысты сұраққа жауап берді.
"Оны білім басқармасының балансына беру туралы шешім қабылданды. Бұл "Облыстық шахмат үйі" болуы әбден мүмкін. Мемлекет басшысы тиісті тапсырма берді", - деп жауап берді Марат Ахметжанов.