Бір қызығы бұған дейін Төреш Ерке Есмаханмен айтатын әйгілі «Алло» әнін қырғыздың әнші қызымен шырқағаны есімізде. Осы концертте Төреш пен Еркенің орындауындағы «Алло» әнін тағы бір мәрте тыңдап, құлақ құрышымызды қандырамыз ба деп ойлаған едік. Бірақ олай болмады. Бұл жолы ол «Алло» әнін өзбек әншісі Шахзодамен айтып шықты.
Әрине, Төрештің тыңдармандары үшін күтпеген оқиға болғаны белгілі. Өйткені Төрештің бұл әнді Еркемен орындамай жүргеніне біраз болғаны белгілі. Қос әншінің бірігіп ән салмайтындай араларында не болғанын білмейміз. Білген адам болса, әлеуметтік желіде жазар.
Көпшілік Төреш «Айхай-25» концертінде «Аллоны» Еркемен айтпаған күннің өзінде қырғыздың әншісімен айтатын шығар деп ойлағаны анық. Бірақ бұл жолы сері жігіт әйгілі әнді Шахзодамен айтты. Қос әнші «Аллоны» нақышына келтіріп шырқай жөнелгенде қырғыздың әнші қызының орынын өзбек қызы басқанда бұл іске... арсын-гүрсін сөйлейтін Атамбаевтың әрекеті «салқынын» тигізді ма деп ойлағанымыз рас. Кім білсін?
Бірақ жұрттың басым бөлігі Төрештің «Аллоны» өзбек пен қырғыз қызы емес өзіміздің Ерке Есмаханмен қосылып айтқанын қалағаны анық. «Қазақ қызға үйленем» деп ән салатын сері жігіттің өзге ұлттың қыздарымен дуэт құра беретіні бізге түсініксіз. Еркені олардан қай жері кем. Ертеңгі күні өзбекпен дүрдараз болсақ, Төреш «Аллоны» тәжік қызымен шырқай ма, сонда?
Н.Әубәкір.
https://dalanews.kz/26747