Бұл туралы ғарышкер Тоқтар Әубәкіров TalkLike жобасында журналист Аман Тасығанға берген сұқбатында айтты.
— Байқоңыр үшін халық алаңдамай-ақ қойсын дер едім. Ал жерді сатуға ешкімнің қақысы жоқ. Депутаттардың да қақысы жоқ. Енді бұған қатысты халықтың толқуы заңды, — дейді Қазақ елінің батыр ұлы.
Жерді сатпау керек, Байқоңырға тиіспеу қажет
— Жерді сатамыз деп қоймаса, наразылық білдіруге мен дайынмын. Жер — біздің анамыз. Оны ешкім сатып алған жоқ. Оны ешкім бізге сатып берген жоқ. Ол — ата-бабамыздан қалған қазына. Оны ешкім тартып ала алмайды.
Депутаттары болсын, басқасы болсын, жерді сатуға құқысы жоқ. Жер — халықтікі. Одан аттап, қолдарын созбасын олар!
Ал Байқоңырсыз бізге болмайды. Әлемде теңдесіз ғарыш айлағы бізде бар, ол болашақта да бола береді. Байқоңырды жоймау керек. Өйткені жаңарып, жаңаланып жатқаны өмірдің бәрі жаңа технологияға байланысты. Ал жаңа технологияңыз осы ғарыш саласынан бастау алады. Әлемнің мықты елдері жиналып, ғарышты бірге игеріп, зерттеп жатыр. Лаж болса, біз де солардың қатарына кіруіміз керек. Соған тырысуымыз тиіс. Одан қалып қойсақ, дамуымыз да тежеле береді.
Мысалы, Марсқа баруымыз керек. Ғалымдардың зерттеуінше, Марстың полюстарында су, мұз бар. Ал мұз болса, демек ол арада жан болады. Демек, ол арадан станса құрып, өмір сүруге болады. Сол жақта отырып, біздің галактиканы игеруге, қорғауға болады.Соңғы кездері жерде энергия, күш қуаты тауысылып келе жатқаны дабыл қағылып айтылып жүр. Мынау гелий дейді. Одан да көп энергия алуға болады. Ал сұйық геллий Марста толып жатыр. Оны Жерге қалай алып келу керек? Қазір ғалымдар соған бас қатырып жатыр. Ол 10 жыл емес, 100 жылды алуы мүмкін. Ал егер ғарыш саласын тоқтатып салсақ, онда біз бұл уақыттан да қатты кешігеміз.
Сондай-ақ Тоқтар Әубәкіров ұлтын, тілін, Отанын сүймейтін, ақшаға әбден құныққан адамдар өзін қорқытатынын айтады. Сөйткен ол кісі тәуелсіздік алған жылдары өздерінің байқап сөйлеуге мәжбүр болған кезін еске алды.
— Саясатқа бір кірген кісі өмірі одан кете алмайды екен. Қарап отырасың, қылып жатқандарының бірімен келісесің, бірімен келіспейсің. Мен еліміз жүргізіп отырған сыртқы саясатты қолдаймын, оны толық қолдаймын. Ал ел ішінде, Үкіметтің өз жерінде өз халқын қадірлемеуі дұрыс емес. Мен олай болады деп мүлде ойлаған жоқ едім. Бірақ шындық осы.
Негізі, саясат екі мәрте менімен айналысты. Бірақ ол кезде басқаша болмады. Біз тәуелсіздігімізді жаңа ғана алып жаттық.
Халықтың сөзін билікке жеткізе алдым. Сол кезде елдің көп ризашылығына бөлендім. Сол кезде ақиқат дегенді жақсы көре бастадым.
Қазір көп жастармен кездесемін. Әсіресе, мектептегі тазалық қуантады. Он жыл бұрын ондай емес еді. Елдің мінезі де басқаша болған. Қазіргі уақытта балаларға ақыл кірген.
Қазақ аз болды, өктем сөйлей алмадық…

Қазақтар өз мемлекетінде 50 процентке де толмады. Сондықтан саясат жолы жіңішке болды. Үстелді жұдырықтап, өктем сөйлей алмадық. Біз аяққа тұрғаннан бастап, яғни 2004 жылдан бастап, депутат болғанда ашық кеттік. Бәрін ашық айтатын болдық.
Халықтың сөзін билікке жеткізе алдым. Сол кезде елдің көп ризашылығына бөлендім. Сол кезде ақиқат дегенді жақсы көре бастадым.
Қазір көп жастармен кездесемін. Әсіресе, мектептегі тазалық қуантады. Он жыл бұрын ондай емес еді. Елдің мінезі де басқаша болған. Қазіргі уақытта балаларға ақыл кірген.
Мені мәдениет, Отан дегенді білмейтін, болашақты дұрыс түсінбейтін бір кісілер өкіндіреді. Қазақстанда тұратын азаматтар, әсіресе қазақтар өз Отанын жерін, елін сүюі керек. Бірақ көп жігіттерде ондай сезім жоқ екенін көремін. Оларды тек ақша қызықтырады.
Одан артық ештеңе жоқ. Әйтпесе бойында жанын болса, қазақ деп жанын күйіп тұруың керек қой. Қазір қыздар еркектерден артық. Қыздарға қайран қаламын. Біздің қыздардың намысы бар. Қазақ үшін өлуге дайын көп қыздар бар. Соған қатты қуанамын. Жігіттер бұған ренжи берсін, олар шалбар киюі керек. Жақсы костюм киіп алғанды еркек дей ме, еркек емес олар, — дейді ғарышкер.
Ғарышкер ғарыштан азанның даусын естіген Ниль Амстронгпен кездесіп, сұқбаттасқанын да айтты.
— Ниль Амстронгпен мен кездескенмін. Оның ғарыштан азанның дауысын естіпті деген аңыз әңгімесі жәй сөз. Бір журналист сөйтіп жазып жіберсе, соны барлығы іліп әкетті деп өзі айтты. Мен осында келмей тұрғанда бір журналист „Тоқтар Әубәкіров кемеге қонып, батыр атағын алды„ деп жазыпты. Соны барлығы қағып алып, қазір жазып жүр. Сондай атақтарды жабыстыра салады.
Дегенмен бөтен ғаламшарлықтардың барына сенемін.
Біреуге айтсаң сенбейді ғой. Ертегі секілді. Содан жүгіріп барып, қасымдағы төрт жігітті ояттым. Үшеуі сыртқа шықты. Сол кезде табақша тура жанымызға тақап келді де бір уақытта кілт зу етіп, жоқ болды. Мені бұл жайт әлі күнге қатты ойландырады. Жауабын тапқам жоқ. Сол кезде қасымда болған үш азамат көп ұзамай, жастай қайтыс болды. Бұл да жұмбақ нәрсе енді.
Ғарышкер АҚШ-тың ғарыш саласына қатысты көзқарасымен бөлісуді де ұмытпады.
— НАСА ешқашан Ресейден озған емес, америкалықтарды ғарышқа шығарып жүрген әлі күнге Ресей. Олар бұл салада әлі ешкімді алға шығарған жоқ. Дегенмен бір Айға ұшу арқылы АҚШ көзге түсе алғанын мойындау керек.
Үнемі екінші боп қалып жатты ғой. Алғашқы адам да, жер серігі де ғарышқа КСРО-дан ұшты. Ғарыш айлағы да бізде болды дегендей. Содан намыстанды. Ең құрымағанда, Айға ұшуда бірінші болайық деді. Джон Кеннеди бастап берді. Содан алып кетті олар. Айды игеруде АҚШ алдына жан салмады.
Илон Маскқа келер болсақ, қазір байлар не істемейді? Ақша аста-төк. Таң қалатын нәрсе көрсеткісі келді. Сөйтіп НАСА да жұмыс істеген мамандарды бір жерге жинап алды ол. Ғарыш саласын зерттеуді қолдауына мен де қуандым. Бірақ оны пиарға айналдыруы ұнамады. Дегенмен оның бір жетістігі бар. Зымыран тасығыштарды қайтадан пайдалануға қол жеткізді. Оны қалдыққа айналдырып, жарып, көзін жоймай, қайта пайдалануға болатын жобаны жасады. Бұл — үздік жұмыс, үлкен жетістік.
Дереккөз: kaz.365info.kz
https://youtu.be/uMbW8TO_IsI
Амстронгтың ғарыштан азанның дауысын естігені өтірік
Ғарышкер ғарыштан азанның даусын естіген Ниль Амстронгпен кездесіп, сұқбаттасқанын да айтты.
— Ниль Амстронгпен мен кездескенмін. Оның ғарыштан азанның дауысын естіпті деген аңыз әңгімесі жәй сөз. Бір журналист сөйтіп жазып жіберсе, соны барлығы іліп әкетті деп өзі айтты. Мен осында келмей тұрғанда бір журналист „Тоқтар Әубәкіров кемеге қонып, батыр атағын алды„ деп жазыпты. Соны барлығы қағып алып, қазір жазып жүр. Сондай атақтарды жабыстыра салады.
„Иә, менің жолдасым мұсылмандықты қабылдады. бірақ Айдан біз ештеңені, ешкімнің даусың естіген жоқпыз„ деді.
Дегенмен бөтен ғаламшарлықтардың барына сенемін.
Табақшасын да өз көзіммен көргем. Таңғы алтының кезі болатын. Далада жүргем. Бір жап-жарық жұлдыз көрінді аспаннан. Қысты күні сол жұлдыз айдап дәл төбеме келді.
Біреуге айтсаң сенбейді ғой. Ертегі секілді. Содан жүгіріп барып, қасымдағы төрт жігітті ояттым. Үшеуі сыртқа шықты. Сол кезде табақша тура жанымызға тақап келді де бір уақытта кілт зу етіп, жоқ болды. Мені бұл жайт әлі күнге қатты ойландырады. Жауабын тапқам жоқ. Сол кезде қасымда болған үш азамат көп ұзамай, жастай қайтыс болды. Бұл да жұмбақ нәрсе енді.
Зейнетақым — 299 мың теңге
Ғарышкер АҚШ-тың ғарыш саласына қатысты көзқарасымен бөлісуді де ұмытпады.
— НАСА ешқашан Ресейден озған емес, америкалықтарды ғарышқа шығарып жүрген әлі күнге Ресей. Олар бұл салада әлі ешкімді алға шығарған жоқ. Дегенмен бір Айға ұшу арқылы АҚШ көзге түсе алғанын мойындау керек.
Айға ұшу соңғы 40 жылда тоқтатылды. Себебі ол қымбат. Сатурн-5 зымыран тасығышты қазір жасаңдар десе, ешкім жасай алмайды. Ақша жетпейді оған. Өз заманында бүкіл Америка боп сол кемені жасаған. Олар намысқа тырысты.
Үнемі екінші боп қалып жатты ғой. Алғашқы адам да, жер серігі де ғарышқа КСРО-дан ұшты. Ғарыш айлағы да бізде болды дегендей. Содан намыстанды. Ең құрымағанда, Айға ұшуда бірінші болайық деді. Джон Кеннеди бастап берді. Содан алып кетті олар. Айды игеруде АҚШ алдына жан салмады.
Илон Маскқа келер болсақ, қазір байлар не істемейді? Ақша аста-төк. Таң қалатын нәрсе көрсеткісі келді. Сөйтіп НАСА да жұмыс істеген мамандарды бір жерге жинап алды ол. Ғарыш саласын зерттеуді қолдауына мен де қуандым. Бірақ оны пиарға айналдыруы ұнамады. Дегенмен оның бір жетістігі бар. Зымыран тасығыштарды қайтадан пайдалануға қол жеткізді. Оны қалдыққа айналдырып, жарып, көзін жоймай, қайта пайдалануға болатын жобаны жасады. Бұл — үздік жұмыс, үлкен жетістік.
Сөз соңында Тоқтар Әубәкіров 299 мың теңге зейнетақы алатынын, одан басқа табысы жоғын айтты.
Дереккөз: kaz.365info.kz
https://youtu.be/uMbW8TO_IsI