Тоқаевтың мұнысы несі?

Dalanews 25 қаң. 2016 01:15 790

Үлкен кісілердің ұрпағы – ұл-қызы, немересі орысша сөйлейді. Бұдан келіп бұлар бізге ақыл айтады. Алдымен өзінің үрім-бұтағының тілін  түзеп алмай ма?

Марқұм Кемел Тоқаевқа менің алты аласы, бес бересім жоқ. Өзім де ақсақал жасына жеткен адаммын. Қазақтың детектив жанрын қалыптастырған ұлы жазушы ғой. Бірақ, бауырындағы баласын өз тілін сыйламайтындай осыншалықты деңгейде тәрбиелегеніне таңғалып отырған жайым бар. Оған ғана емес, талай зиялыға...Талай зиялының баласына...

Өткенде Қасымжомартты көрдім, телеарнадан. Бір министрден қазақша сөйлеуді талап еткен депутатқа жекіп тастады. Жаман көрінеді екен.

Әлгі Аслан Сәрінжіпов деген жас бала Білім министрі болғалы бір-екі рет қана қазақша мәлімдеме жасапты.

Соған Сәрсенбай деген депутат орынды сын айтты: «Мемлекеттік тілде баяндама жасауыңыз күн өткен сайын сиреп барады», – деді.

Дұрыс, айту – мақсат. Есінде жүреді. Бірақ, мынаны қарамайсыз ба?!

«Депутат Еңсегенов, заңға байланысты сұрақ қою керек. Сіздің сұрағыңыздың заңға ешқандай байланысы жоқ», – деді осы арада Тоқаев. Осының бәрін тыңдап отырмын. Әлгі Еңсегеновтің түрі бұзылып кетті. Тоқаевтан сын естіген соншалықты ауыр болар ма еді. Кешірім сұрады.

Негізінде, дұрыс айтты. Оның «дұрыс айтқаны» Тоқаевқа ұнаған жоқ, бірақ. Байқағаным, орысша сөйлеп, орысша ойлайтындардың көпшілігінде қазақ тіліне деген іштей қарсылық бар. Сол қарсылық қазір сыртқа шығып жатыр. Тоқаевтың сөзі соның бір дәлелі.

Ол жаман дәстүрді бастап берді. Ертең өзгелері Қасымжомарттан көргенін істейді. «Заңға байланысты сұрақ қою керек» дейді. Білеміз, бұлай айтатындар көп.

Сонда мемлекеттік тілде сөйлеуді талап ету заңға қайшы ма?

Жұмаш ШҮЙКЕНОВ,


«Қала мен Дала» газетінің тұрақты оқырманы   


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар