Президенттің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында Дубайда жүрген сәтінен видеолар жариялады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жас шенеунік қымбат киімдер киіп алғанын айтуды да ұмытпады.
"Құрметті достар, біз қазір Дубайдамыз. Халықтан, жұрттан ұят болмасын деп өзімнің ең қымбат-қымбат деген заттарымды киіп алдым. Қазір бір орынды тауып, шамалы жұмыс істеп, түскі асымды ішіп, одан әрі әуежайға қайтамын. Осында болғаннан кейін сіздерге де бір көрсетіп жіберейін деп едім", - дейді видеода ол.
Айта кетейік, Қазақстаннан арнайы делегация Сауд Арабиясына One Water саммитіне қатысуға барған еді.
Ал орман өрттері кезінде халықтың сынына қалған Сүлейменова еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастаған.
2020-2021 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған болатын. Ал кейін министр лауазымына тағайындалды.
2023 жылы Тоқаев көп шенеунікті қызметінен босатты. Оның ішінде Сүлейменова да бар. Осылайша ол экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылып, іле шала 21 қыркүйекте Президенттің кеңесшісі - Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды.
Былтырғы Абай облысындағы орман өртінде Сүлейменова жұрт назарында болды. Бас прокуратура Абай облысындағы өртке қатысты Ильин, Сүлейменова және Ұранхаевтан жауап алынатынын мәлімдеді.
Оның Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқандардың туыстарымен кездескенде жылағаны да жұрт есінде.
Журналистер бір кездере Сүлейменовадан осы қылығы жайында "Бұл әлсіздікке жатпай ма" немесе "Жұмыстағы олқылықты мойындау емес пе?" деп те сұрады.
"Жылауды әлсіздік деп есептемейтін. Мен шынайы адаммын, менің отбасыларға шын жүректен жаным ауырды, өйткені олар жақын адамдарынан айырылды, екі отбасында әке мен бала қаза тапты... Мен осы отбасылардың бәріне бардым. Олар орман шаруашылығында жұмыс істеді. Мен мұны кездесуде болған кезде білдім бе? Иә, әрине, мен шын жүректен жаным ашыды және шынайы жанаршылықты адамның әлсіздігі деп ойламаймын", - деп жауап берді бұл сауалға ол.