Тоқаевқа республикалық референдумды ұйымдастыру туралы мәлімет берілді

Тоқаевқа республикалық референдумды ұйымдастыру туралы мәлімет берілді
Ақорда

Мемлекет басшысы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа республикалық референдумды ұйымдастыру және дайындық жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Президент референдумды өткізу барысында ашықтыққа, заңдылыққа және барлық азаматқа тең жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударды.