Тоқаев Украинадағы қақтығысты реттеудің жолын ұсынды

Тоқаев Украинадағы қақтығысты реттеудің жолын ұсынды
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде Украинадағы соғысты дипломатиялық жолмен реттеу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде Украинадағы соғысты дипломатиялық жолмен реттеу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Мемлекет басшысы келіссөздерді қайта жандандырудың бір жолы ретінде бұрын талқыланған Ыстамбұл келісімдеріне қайта оралуды ұсынды.

"Қақтығысты тоқтатып, “Ыстамбұл формуласы 2.0”-ге қайта оралуға болатын шығар. Өйткені дәл сол алаңда тараптар елеулі нәтижелерге жақындаған еді", – деді Тоқаев.

Президент Қазақстанның Ресеймен стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды жалғастыра беретінін атап өтті.

Сонымен қатар ол Украинадағы жағдайды басынан-ақ мемлекетаралық қақтығыс ретінде бағалағанын айтып, бұл мәселеде украин халқына деген құрметтің өзгермейтінін жеткізді.

"Біз украин халқына, оның мәдениеті мен тіліне әрдайым құрметпен қараймыз. Дегенмен бұл қақтығыстың түпкі табиғаты көптеген ел үшін, оның ішінде біз үшін де толық айқын емес", – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев сондай-ақ Аляскадағы кездесу барысында Владимир Путин жоғары дипломатиялық икемділік танытқанын атап өтті.

Президент Қазақстанның Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге делдал болудан саналы түрде бас тартқанын да айтты.

Түрлі ұсыныс болғанына қарамастан, мен Қазақстанның делдал болуына келіскен жоқпын. Ресей – ірі мемлекет, сондықтан күн тәртібіндегі мәселелерді өзі шешуге қауқарлы деп санаймын", деді Қасым-Жомарт Тоқаев.