Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысады

Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысады
Үкімет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 7 ақпанда өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысады, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Ақорданың баспасөз қызметі 5 ақпанда жазғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді.


Отырыс 7 ақпанға белгіленіп отыр, оған президент төрағалық етеді.



"Іс-шара барысында еліміздің 2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер белгіленеді", - делінген баспасөз қызметі дерегінде.