Тоқаев Үкіметке Бозжырадағы құрылыс жобасын қайта қарауды тапсырды

Dalanews 18 қар. 2020 05:54 840

Президент Үкіметке Бозжырадағы құрылыс жобасын қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде жазды.

"Президент Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын Бозжыра табиғат қорығының аумағына салынатын жаңа қонақ үйдің құрылысына қатысты қоғамның теріс пікірін ескере отырып, Үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берді", делінген жазбада.



Жеке меншік инвесторлар әкімдіктің қолдауымен Маңғыстаудың басты символы саналатын Бозжырада сафари-қонақ үй салады деген хабар тарай сала қоғам белсенділері дүрлігуде. Бірегей табиғи аумақтың келбетін бұзып, тарихтан ақша жасамақшы дегендер құрылысты тоқтатуды талап етіп жатыр.

Экологтар мен қоғам белсенділері шатқалға қонақ үй саламыз деген жындының сандырағы деп, қорықтың құрып кетуіне алаңдаулы. Қызыл кітапқа енген уриал, қарақұйрық пен қарақал сияқты жануарлардың көбеюіне кесірін тигізеді екен. Басты себеп Бозжыра тұрған үстірт ЮНЕСКО тізіміне енуге шақ тұр. Ал, ЮНЕСКО-ның басты талабы – бүлінбеген табиғат екенін ескерсек, коммерциялық нысан салынса ұйымға кіргізу жоспары құрдымға кетеді дейді белсенділер.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар