Тоқаев Трамптың шақыруымен Давосқа жұмыс сапарымен барады

Сағыныш Сардарова 21 қаң. 2026 10:07

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давос қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"22 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады", - деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанды және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа мәселесі жөніндегі Бейбітшілік кеңесінің құрамына шақырды.

Ұйымның жарғы жобасына сәйкес кеңестің алғашқы төрағасы міндетін АҚШ президенті атқарады. Сондай-ақ, ұйымға қай елдер мүше болатынын өзі шешпек.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove