Тоқаев таэквондодан қара белбеу иегері атанды

Қаракөз Амантай 12 там. 2025 14:45

Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Мемлекет басшысына ерекше құрметтің белгісі ретінде тоғызыншы дан қара белбеуін табыс етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Президенті әлемде таеквондоның дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Чунгвон ЧоудыІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

“Өз кезегінде Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Мемлекет басшысына ерекше құрметтің белгісі ретінде тоғызыншы дан қара белбеуін табыс етті”, — делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Президент жаттығу тақтайшасына қолтаңба қалдырып, Чунгвон Чоудың өтінішімен таеквондо дәстүріне сай тақтайды сындырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар