Алматы құтқарушылары медицина қызметкерлерін сейсмикалық қауіпке дайындады

Ақтоты Жапатова 12 там. 2025 16:12

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл дағдыларын Алматы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторингі ғылыми-практикалық орталығының медициналық персоналына көрнекі түрде сіңірді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Тренинг барысында дәрігерлерге «Халықтың жер сілкінісіне дейінгі, жер сілкінісі кезінде және одан кейінгі іс-әрекеттері», «ТЖ кезінде жиналатын орындар», «Құрылымдық емес сейсмикалық күшейту» және «Зардап шеккен халықты қабылдау пункттері» жеткізілді.

Медицина қызметкерлерінің жер асты дүмпулері кезінде қайда паналауға болатыны, халықты ақпараттандыру және хабардар ету қалай жүргізілетіні туралы толғандыратын сұрақтарына Алматы құтқарушылары толық және логикалық жауаптар берді.

Төтенше жағдайлардағы тәртіп ережелері туралы халықтың хабардарлығын арттыру азаматтық қорғау органдары қызметінің басым бағыты болып табылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар