Қостанай облысында 14 жастағы жасөспірім достарымен бәстесемін деп суға батып кетті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қайғылы оқиға Лисаков қаласындағы Қара жартас аумағында болған. Бұл жер жасөспірімдер жартастан суға жиі секіретін орын ретінде белгілі.
Куәгерлердің айтуынша, мектеп оқушысы дұрыс жүзе алмаған. Ол достарымен бәстесіп, суға секірген.
Қостанай облыстық ТЖД бұл ақпаратты растады.
"Лисаков қаласындағы Тобыл өзенінен 2011 жылы туған жасөспірімнің сүйегі табылып, судан шығарылды", - деді ведомство өкілдері.