Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке тағы бір ота жасалады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы оның өкілі Жеңіс Тыныбек мәлімдеді.
Оның айтуына қарағанда, қазір Руслан Берденов Алматыдағы клиникалардың бірінде емделіп жатыр. Жеңіс Тыныбектің сөзінше, Берденовке екінші отаны 13 тамызда жасау жоспарланып отыр.
"Берденовке ертең ота жасалады. Ота барысында оның денесінде қалған мылтық бытырасы алынады", - деді Тыныбек Tengrinews.kz-ке.
Бұған дейінгі жағдай
Еске салайық, бұған дейін Руслан Берденов сотқа келуге міндеттелгені хабарланды. Сот отырысында судья Әбінұр Қарабаев Руслан Берденовті 6 тамызға жоспарланған негізгі сот процесіне міндетті түрде қатысуға шақырды.