Тоқаев Шавкат Мирзиеевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тоқаев Шавкат Мирзиеевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының атынан Шавкат Мирзиеев пен Өзбекстан жұртшылығын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның мемлекеттілікті нығайту, тұрақты дамуды қамтамасыз ету және халықаралық аренадағы беделін арттыру бағытында елеулі жетістіктерге жеткенін атап өтті.

Президент бұл табыстарды "Жаңа Өзбекстанды" құруға бағытталған стратегиялық саясатпен байланыстырды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көпғасырлық достықты, тату көршілік пен өзара қолдауды жоғары бағалайтынын жеткізді. Оның айтуынша, екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық бүгінде бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде дамып келеді.