Тоқаев Рим папасын Қазақстанға шақырды

Сағыныш Сардарова 12 жел. 2025 10:08

Сенат төрағасы Мемлекет басшысының Рим Папасына жолдаған арнайы хатын тапсырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасын Қазақстанға шақырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат Ватиканға сапары аясында Рим Папасы XIV Леоның аудиенциясында болды.
 
"Сенат төрағасы Рим Папасы XIV Леоға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін және елімізге апостолдық сапармен келу жөніндегі шақыруын жеткізді. Мәулен Әшімбаев кездесуде Қазақстанның Ватиканмен көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті", - деп жазылған хабарламада.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар