Тоқаев елшіліктерде ауыс-түйіс жүргізді

Көркем Алдабергенова 21 сәу. 2025 09:05 192

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елшіліктерде ауыс-түйіс жүргізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ең алдымен Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Бұл қызметке Алмас Сейтақынов тағайындалды. Енді ол Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 

Сонымен қатар,Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар