Тоқаев "Эгмонт" қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасын қабылдады

Кәмшат Тілеухан 23 мау. 2025 14:28

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін "Эгмонт" қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичті қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

  • жаһандағы қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға және активтерді қайтару тиімділігін арттыруға үлес қосып жүрген басты халықаралық платформа ретінде "Эгмонт" тобының маңызы зор екеніне назар аударды;
  • Қазақстанның "ақшаны жылыстатуға қарсы" ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға сай одан әрі жетілдіруге ниетті екенін растады;
  • заң үстемдігін қамтамасыз етіп, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы қабылданғанын жеткізді.

Өз кезегінде Эльжбета Франков-Яскевич Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға беріп, оның тиімділігін атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар