Freedom Inside '26

Зеленский Ресей жаппай соққы жасауға дайындалып жатқанын мәлімдеді

Зеленский Ресей жаппай соққы жасауға дайындалып жатқанын мәлімдеді
© REUTERS / Denis Balibouse

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Ресей жақын күндері Украина аумағына жаппай әуе соққысын жасауы мүмкін, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы ол Ирландия премьер-министрі Михол Мартинмен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында айтты.

"Әдетте бір-екі апта сайын жүздеген дрон мен ондаған түрлі зымыран қолданылатын жаппай шабуылдар жасалады. Барлау мәліметіне сәйкес Ресей тағы бір осындай ауқымды шабуылға дайындалып жатыр", - деді Зеленский.

Ол осыған байланысты өз командасымен бірге шұғыл түрде Украинаға оралатынын айтып, тұрғындарды әуе дабылы туралы ескертулерге бей-жай қарамауға шақырды.

Бұған дейін украиналық әскери сарапшы Алексей Гетьман да Ресей Украинаға жаппай соққы жасауы мүмкін екенін айтқан еді. Оның сөзінше, Ресей әскері зымырандар мен дрондарды пайдаланып, ауқымды шабуылдарын жалғастырып келеді. Кейінгі уақытта мұндай шабуылдардың негізгі нысаналарының бірі Киев қаласы болып отыр.