Freedom Inside '26

Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барды

Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барды
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына келді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Санаулы сәттерден кейін мұнда АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімі өтеді.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанды және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа мәселесі жөніндегі Бейбітшілік кеңесінің құрамына шақырды.

Ұйымның жарғы жобасына сәйкес кеңестің алғашқы төрағасы міндетін АҚШ президенті атқарады. Сондай-ақ, ұйымға қай елдер мүше болатынын өзі шешпек.