Тоқаев "Бишімбаев ісі" бойынша Ішкі істер министрлігіне тапсырма берді

Dalanews 15 қар. 2023 06:53 918

Президенті Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен консультациялар өткізді. Ол өз сөзінде әйелдер мен балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық фактілерінің жолын кесу керектігін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Сонымен қатар, Ақорданың хабарламасында атап көрсетілгендей, жақында елордалық мейрамханалардың бірінде орын алған атышулы кісі өліміне байланысты президент Ішкі істер министрлігі басшылығына бұл істі ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

«Заң барлығына бірдей болуы керек. Қоғамдағы әділеттілік – заңдылықты нығайту жолындағы азаматтардың ынтымақтастығынан басталады. Әділ Қазақстан – заңдылық пен тәртіп орнаған ел», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президент заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру мәселелеріне де ерекше назар аударды.


Оның айтуынша, қазіргі жағдай құқық бұзушылықтың барлық түріне: көшедегі мәдениетсіздіктен бастап төбелеске, ұрлық пен кісі өлтіруге дейін ымырасыз көзқарасты талап етеді.

Айта кетелік, 2023 жылы 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевты Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін өлтірді деген күдікпен полиция ұстады. Келесі күні, 2023 жылдың 10 қарашасында Ішкі істер министрлігі Бишімбаевтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді.

Ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов Бишімбаевтың шынымен де ұсталғанын растады. Десе де, бұрынғы министрдің есірткі немесе алкогольдік масаң күйде болғаны туралы қауесеттерге қатысты пікір білдіруден бас тартты.

11 қарашада Астана соты Бишімбаевтың екі айға қамауға алынғанын атап өтті. 12 қарашада Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиға орын алған мейрамхана директоры Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтіруге қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. 14 қарашада ол екі айға қамауға алынды.

Айта кетелік, бұған дейін DALA INSIDE телеграм арнасы "Бишімбаевты босатуға Назарбаевтың тікелей атсалысқанын" жазған. Толығырақ: https://t.me/dalainside/1573

https://dalanews.kz/bas-takyryp/95227-nazarbaeva-nygmatulin-tandemi-zhurna

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар