Тоқаев БҰҰ тізгінін ұстауы мүмкін бе? Батыс сарапшылары болжам жасады

Dalanews 22 ақп. 2026 10:17

Шетелдік ақпарат кеңістігінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы қызметіне үміткер болуы мүмкін екені туралы болжамдар айтыла бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Әзірге ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Сарапшылар деңгейінде ғана талқыланып жатқан бұл ақпарат нақты шешім емес. Алайда мұндай әңгіменің өзі Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі артып, ел рөлінің күшейіп келе жатқанын көрсетеді.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін БҰҰ Бас хатшысының орынбасары әрі ұйымның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры қызметтерін атқарған. Мемлекет басшысының көпжылдық дипломатиялық тәжірибесі мен халықаралық құрылымдардағы қызметі осындай болжамдардың тууына негіз болып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove