Тоқаев Батыстағы мұнайшы болуды армандайтын жастарға кеңес берді

Dalanews 19 сәу. 2023 05:45 928

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев баяндама жасады. Әкімнің баяндамасынан кейін Президент Тоқаев көкейде жүрген ойын ортаға салды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Жаңаөзенде болған жарылыстың салдарын жою жұмыстарын тез арада аяқтау қажет. Жалпы, Жаңаөзен – мұнай-газ саласына ғана қарап отырған моноқала. Сол себепті, біз оны дамыту үшін арнайы кешенді жоспар қабылдадық. Осы құжатты мейлінше жүзеге асыру керек. Үкімет те бұл жұмысқа жауапты болады.

Батыста, әсіресе, Маңғыстауда, жастар көбіне мұнайшы болғысы келеді. Бұл – дұрыс емес. Мұнай қоры таусылғанда аймақтағы ахуал тіпті күрделі болып кетуі мүмкін.

Сондықтан жастардың басқа да кәсіптерді игеруіне жағдай жасауымыз керек. Бұл жұмысты арнайы жоспар бойынша атқаруды талап етеді.

Мысалы, бүгінгі заманның өзекті саласы – ақпараттық технологиялар. Осындай технологияларды Маңғыстау облысын дамыту ісінде қолдануға болады.


Жалпы, біз көзі ашық, білімді жастарды тәрбиелеуіміз керек. Өскелең ұрпақ келешекке сеніммен қарауы қажет. Бұл үлкен жұмыс. Бұл әкімнің, Үкіметтің құзырында тұрақты түрде болу керек, – деп Мемлекет басшысы ойын ортаға салды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар