Мемлекет басшысы авиация саласындағы табысымыз көбейіп келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Президенттің сөзінше, елімізде жаңа ұшу бағыттары ашылып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы ️Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты.
"Толыққанды әуе хабтарын қалыптастыру үшін нақты жұмыс жүргізіліп жатыр, Әрине, осы тұрғыдан алғанда, Астана қаласында жаңа әуежай салу - кезек күттірмейтін міндет. Көп ұзамай оның құрылысы басталуы қажет. Әуе кеңістігі арқылы жүк тасымалдайтын арнайы компания құру өте орынды шешім болды деп санаймын. Бұл маңызды қадам халықаралық логистикадағы әлеуетімізді күшейтуге ықпал етері сөзсіз", - деді Тоқаев.