Freedom Inside '26

Тоқаев Ақордада арнайы кеңес өткізіп, Тимур Сүлейменовтің есебін тыңдады

Тоқаев Ақордада арнайы кеңес өткізіп, Тимур Сүлейменовтің есебін тыңдады
akorda.kz

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін тыңдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада өткен кеңесте Ұлттық банктің 2024 жылы атқарған қызметі туралы есеп берілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысына макроэкономикалық ахуал, ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштері, қаржы жүйесінің жай-күйі, халықаралық резервтер, БЖЗҚ мен Ұлттық қор активтері туралы баяндалды.

Жиын барысында Ұлттық банктің қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар республикалық бюджеттің орындалуы, инфляцияны төмендету, ақша-несие саясаты, "Банктер және банк қызметі туралы" жаңа заң жобасы, экономиканың нақты секторын кредиттеу, сондай-ақ Ұлттық банктің алтын-валюта активтерінің жағдайы қарастырылды.