Тоқаев Айбек Дәдебайды қандай қызметке жібергені белгілі болды

Тоқаев Айбек Дәдебайды қандай қызметке жібергені белгілі болды
ашық дереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Президент әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияр мәлімдеді.

"Таяу уақытта елімізде ауқымды саяси науқан өтетіні белгілі. Осындай сындарлы сәтте Айбек Арқабайұлы Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады", - деді ол.