Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Тоқаев ұлы Абайдың мерейтойына бөлінген қаражатты орнымен жұмсау керектігін айтты деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі.
"Тойға кететін шығынды азайту керек. Бұған демеушілердің қаржысы жұмсалса да күні-түні концерт ұйымдастырудың, шетелден қаптатып әнші-әртістің алдырудың қажеті жоқ.
Бұл шараны кәсіби деңгейде өткізуіміз керек. Сіз облыс әкімдері арасындағы ең тәжірибелі басшысыз, сондықтан Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында өтетін барлық шараны сүзгіден өткізіңіз, – деді Тоқаев ШҚО әкімі Даниал Ахметовке қарата.
Мемлекет басшысы айтып өткендей мерейтойда ағартушылық бағыттағы шараларға басымдық беру қажет.