ТЖМ-ның бірнеше лауазымды тұлғасы сотталды

Қаракөз Амантай 04 қар. 2024 18:35 1156

Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Н. Дербисов пен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы М. Жақсыбаев 5 жылға, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б. Ізбасаров 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Олар бизнес өкілінен кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 39,7 млн теңге сомасында пара алған.

“Сондай-ақ Б. Ізбасаров 1,7 млн теңге сомасында өзіне қосымша ақшаны заңсыз есептеп билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

Сондай-ақ аталған адамдар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды”, - делінген Антикор таратқан хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар