Freedom Inside '26

«Тілектер ағашы» жобасы 100 баланың арманын орындайды

«Тілектер ағашы» жобасы 100 баланың арманын орындайды
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, ауыр дертке шалдыққан балалардың тілектерін орындау мақсатында «Тілектер ағашы» республикалық акциясы басталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

1 маусымда алғашқы «Тілектер ағашы» Алматыда, Мақатаев көшесі, 127/1 мекенжайы бойынша орналасқан «MEGA Park» СОО-да қойылды.

Қаланың кез келген тұрғыны мен қонағы акцияға қатысып, «Тілектер ағашында» ілулі тұрған балалардың бір немесе бірнеше арман, тілектерін орындай алады.


Жуырда дәл осындай «Тілек ағаштары» Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының  және еліміздің 14 өңіріндегі сауда-ойын-сауық орталықтарында орналастырылады.

Әлеуметтік жобаны, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының демеуімен  «Медицина жастары» РҚБ және «Menin Armanym» КҚ бірлесіп жүзеге асыруда.