Freedom Inside '26

TikTok-та ұлтаралық араздықты қоздырған астаналықтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

TikTok-та ұлтаралық араздықты қоздырған астаналықтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Астана тұрғынына TikTok желісінде ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Бұл факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қамауға алынған азамат тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде”, - делінген хабарламада.

Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интернет мониторингі барысында Астана тұрғынының TikTok-қа тікелей эфир арқылы ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған бейнемазмұнын анықтады.

Сараптама қорытындысына сәйкес, жарияланған бейнемазмұнда ұлтаралық араздықты қоздыру, қазақ ұлтының азаматтарының ұлттық қадір-қасиетіне тіл тигізу, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығына нұқсан келтіруге бағытталған белгілер бар екені анықталды.